| Русский | Қазақша | Ўзбекча |

Exima фирмасы Швейцария, Германия және кейбір батыс елдерінен ет, сүт және балық өңдейтін қондырғыларды, жабдықтардың шығын материалдарын және қосалқы бөлшектерін тікелей жабдықтауды іске асырады. Компания орта Азияға яғни, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түрікменстан, Әзірбайжан мемлекеттерінде қызмет көрсетеді.

Exima  Батыс Еуропа мен АҚШ-тың бастаушы өндірушілер қатарының: K+G Wetter (Германия), INTERNATIONAL CLIP (Италия), Mado (Германия), Dick (Германия), Velati (Италия), Bonner (Болгария),  Variovac (Германия), Maja (Германия), Magurit (Германия), Bastra (Германия) ресми өкілі болып табылады.

Exima  компаниясы – ұлтаралық компания болып табылад. Ол үш бөлімшеден тұрады: Exima  Europe, Exima  Қазақстан және Exima  Өзбекстан. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілі бір міндеттері бар.

 Exima  Europe бөлімшесі - сіздің, яғни, сатып алушы және зауыт-өндіруші арасындағы жұмысыңызды қамтамасыз етеді. Қондырғыларды сатып алу келісім – шарттарын жасайды және олардың жеткізілуін қадағалайды. Сізді өндірушілермен барынша жақындату мақсатында, Сізге  Еуропадағы өндірушілердің зауытына баруды ұсынамыз. Бұл өте оңай: сіз зауытты барып көруге, өндірушімен тікелей сөйлесуге, іс жүзіндегі жабдықтың жұмысын көруге ниетіңізді білдіресіз, ал біз сізге шақыру жіберіп, Майндағы Франкфурт (Германия) қаласының әуежайында қарсы аламыз да, сіз алдын – ала таңдаған зауыттарға баруды ұйымдастырамыз.

Exima  Қазақстан және Exima  Өзбекстан бөлімшелері әкелінетін жабдықты құрастырады, қолданысқа енгізеді. Оның пайдалану жолдарын Сіздің қызметкерлерге үйретеді. Exima  бөлімшелерінің тәжірибелі мамандары Еуропадағы зауыттарда сертификаттаудан өтті. Біз қызмет көрсетуге үлкен көңіл аударамыз, өйткені қызмет көрсету және үйретілген мамандар жабдықтың бұзылмай ұзақ жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Сонымен қатар Exima  Қазақстан және Exima  Өзбекстан бөлімшелері Алматы және Ташкент қоймаларынан шығын материалдарын және қосалқы бөлшектерді ұсынады. Exima  Қазақстан және Exima  Өзбекстан – бұл сіздің өлкеңіздегі сенімді серіктеріңіз.

Сонымен бірге, біз  қондырғыларға технологиялық қолдауды ұсынамыз. Ұсынылатын жабдықтарымен жұмыс істеуге мамандандырылған Еуропаның үздік технологтары сіздің өнімді өндіру технологиясын оптимизациялауға көмектеседі.

Тел.: +49 (0) 176 240 193 59
Teл.: +49 (0) 1577 337 22 81
E-Mail: kontakt@exima-online.com
IBPSoft
Design & Programming 2012